From Wikipedia, the free encyclopedia
Иван Ильич Мозжухин (8 қазан (26 қыркүйек) 1889 ж., Кондоль, Саратов губерниясы, Ресей империясы — 17 қаңтар 1939, Париж, Үшінші француз республикасы) — Ресей дыбыссыз киносының актеры, Франция, Германия және АҚШта да жұмыс істеген.
Мәскеу университетінің заң факультетінде оқыған. Алдымен провинциялық театрларда, одан кейін Мәскеудегі халық үйінде қызмет етті. Киноға 1911 жылдан түсе бастады: скрипкашы Трухачевский (Л. Н. Толстойдың «Крейцер сонатасы» бойынша), адмирал Корнилов («Севастополь қорғанысында»), Бецкий («Ертеңгі күннің әйелдерінде») т. б. Реалистік бағыттағы талантты, қызу қанды актер. Мелодрамаларда ойнап, тұрмыстық комедиялар, салондық және декаденттік драмалар бойынша қойылған фильмдерге түсті. Таңдаулы рольдері: Ставрогин («Николай Ставрогинде», Ф. М. Достоевскийдің «Албастылар» романы бойынша; 1915), Герман (А. С. Пушкиннің «Қарғаның мәткесі» бойынша, 1916). 1920 ж. шетелге қоныс аударды.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.